Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үйінің ауласында сора өсімдігін өсірген 56 жастағы жергілікті тұрғын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында 56 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол қылмыстық қудалау органымен ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсіргені үшін айыпталған болатын.

Белгілі болғандай, аталған азамат үйінің ауласындағы шаруашылық қорасының ішінде заңмен тыйым салынған және қоғамға қауіп келтіретінін, халық денсаулығына қарсы қылмыстар қатарына жататындығын біле тұра, өсіруге тыйым салынған сора өсімдіктерінің ұрықтарын заңсыз егіп-өсіріп, оны суғарып қараған.

Содан, 2022 жылғы шілде айында әкімшілік аумақты тексеру келген полиция қызметкерлерімен оның заңсыз әрекеттері анықталып, үйінің ауласынан 636 түп сора өсімдігі тәркіленіп алынған.

Басты сот талқылауында айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, асырауында 80 жастағы қарт анасының барын және өзінің денсаулығының нашар екендігін айтып көрсеткен.

Сот оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімімен сотталушының жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM