Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҰҚК: Сирия мен Иракта Қазақстанның әлі де 100-ге жуық азаматы бар

KAZAKBOL.COM

Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы (63 пайызы әйелдер) бар, оның 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр. Азаттықтың сауалына Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай деректермен жауап берді.

ҰКК-нің жауабына қарағанда, Сирия мен Ирактан Қазақстанға 277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған бала қайтарылған. Оның 44-і (34 ер адам, 10 әйел адам) «террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты», «терроризмді насихаттады және қаржыландырды» деген айыппен 1 жылдан 11 жылға дейін бостандықтарынан айырылған.

Сонымен қатар, тағы да 35 адам (23 ер адам, 12 әйел) тергелген, оның екеуінің жасы кәмелетке толмаған. Сирия мен Ирак аумағындағы жанжал ошақтарынан оралған 198 әйел мен 545 бала Қазақстанның бейімдеу, оңалту орталықтарында болған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан бірнеше рет арнайы «Жусан» операциясы арқылы Сирия мен Ирак аумағынан азаматтарын қайтарып ала бастаған болатын.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM