Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеуде қазақстандықтарды құлдықта ұстауға қатысты іс ілгері жылжыды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: kaluga24.tv

Қазақстандық полицейлер Қазақстан азаматтарын бостандықтарынан заңсыз айыруға байланысты қажетті процессуалдық іс-қимылдарға қатысу үшін Мәскеуге баруды жоспарлап отыр деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі аппаратының баспасөз қызметі.

2017 жылғы қаңтарда Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров өзінің ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға Мәскеу сауда орындары желісі иелері – бұрынғы қазақстандықтардың тарабынан – өз жұмысшылары — Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты бостандықтарын заңсыз айыру, еңбекке жегу мен қатыгездік танытуға байланысты оқиғалар бойынша шаралар қабылдауға көмек көрсетуін сұрап жүгінген.

Құлдықта болған әйелдің қашып шығып, ресейлік белсенділер, құлдыққа қарсы «Альтернатива» қозғалысының мүшелерінің көмегімен елге оралғаны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі уәкілінің атына Ресей Федерациясы адам құқықтары жөніндегі уәкілінен жауап келіп, онда Мәскеудегі еңбек мигранттары – Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтылған.

Жауапта, алдыңғы жылдар ішінде құл еңбегін пайдаланды деп күдікке ілінген бірқатар тұлғаларға қатысты уәкілетті органдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің бірнеше мәрте қабылданғаны хабарланған. Соңғы шешімнің 2017 жылғы 15 наурызда қабылданғаны туралы нақтыланады.

Қазіргі уақытта Мәскеу тергеу органдары Гольянова ауданы аумағындағы сауда нүктесінде әйелді  еңбекке жегу және заңсыз ұстауға байланысты процессуалды тексеру жүргізіп жатыр.

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі, өз кезегінде, республикада құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттеседі. Мәскеу сауда нүктелерінде Қазақстан азаматтарына қатысты зорлық көрсету деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстуң 126-бабының 2-бөлімі (бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

«Қазақстан Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Ресей федерациясы Бас прокуратурасының атына халықаралық тергеу тапсырмасы әзірленді, оның аясында қажетті процессуалдық әрекеттерге қатысу үшін полиция қызметкерлерінің Мәскеуге баруы жоспарланып отыр.

Ресейлік тарап тапсырманы орындағаннан кейін Ресей Федерациясының құзырлы органдарына әрі қарай тергеу үшін қылмыстық істі жіберу туралы мәселе қарастырылатын болады», — деп хабарлады Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Ресей Федерациясы адам құқықтары жөніндегі уәкілі аппаратының қызметкерлері Мәскеу бойынша ІІМ шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына барған, бірақ тексеру кезінде Қазақстан азаматтары болмаған.

Sputnik Казахстан

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM