Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әлнұр Мұсаев дерегін таратқаны үшін істі болған NEXT қырғыз телеарнасының директоры ұсталды

KAZAKBOL.COM

NEXT телеарнасының директоры Таалай Дуйшембиевті екі тәулікке ұстады, деп хабарлады оның адвокаты Акмат Алагушев.

Оның айтуынша, директордың үстінен ұлтаралық араздық туғызды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

4 наурызда оны тергейді, сенбі күні оған бұлтартпас шарасын қолдану мәселесі сотта қаралады, дейді адвокат.

«Телеарнаға қатысы жоқ, сол себепті кеңсені жабу, эфирді тоқтату секілді әрекеттер жасалмайды», — деп түсіндірді Алагушев.

Бұның алдында қырғыз арнайы қызметі NEXT TV телеарнасына қарсы қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарланған. Тергеушілер нұсқасы бойынша, телеарна «Қырғызстан Ресейге Украина аумағындағы арнайы әскери операциясына әскери көмек беру келісті делінетін жалған ақпаратты таратқан. Телеарна Қазақстан арнайы қызметінің бұрынғы басшыларының бірінің дерегіне сүйенген».

NEXT TV құрылтайшысы Равшан Жеенбековтің пікірінше, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ, өйткені телеарна мәліметті дереккөзге сүйене отырып таратады.

Бұның алдында Фейсбук қолданушы Юрий Поита Қазақстан арнайы қызметінің экс-басшысы Әлнұр Мұсаев дерегіне сүйене отырып, әлеуметтік желіде былай деп жазды: «Тәжікстан мен Қырғызстан Ресейдің қысымына шыдамады, оған құпия түрде әскери көмек беруге дайын екенін айтты». Қырғызстан қорғаныс министрлігі 3 наурызда бұл ақпаратты терістеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM