Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әзербайжан президентін сынаған белсенді Түркияда жұмбақ жағдайда қаза болды

KAZAKBOL.COM

Әзербайжандық белсенді Байрам Мамедов Түркияның Стамбұл қаласында белгісіз жағдайда көз жұмды.

Таныстарының айтуынша, оның денесі бірнеше күн бұрын теңіз жағасынан табылған.

Түрік полициясы белсендінің өлімі бойынша тергеу істерін бастап, оқиғаға байланысты барлық болжамды себептерді қарастырып жатыр.

26 жастағы Мамедов 2016 жылдың мамыр айында демократияшыл белсенді Гияс Ибрагимовпен бірге қазіргі президенттің әкесі, бұрынғы мемлекет басшысы Гейдар Алиевтің ескерткішіне «Құлдардың мейрамы құтты болсын!» деп жазғанымен көпшілікке танымал.

Осы оқиғадан кейін көп өтпей екеуін «есірткі сақтады» деген күдікпен ұстап, олар 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар өзіне тағылған айыпты теріске шығарған.

«Amnesty International» ұйымы екі белсендіні «саяси тұтқын» деп таныған. 2019 жылдың наурыз айында президент Ильхам Алиев түрмедегі 400 адамға, оның ішінде Маммадов пен Ибрагимовқа рақымшылық берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM