Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек билігі Тәуелсіздік монументін тұрғызуға 6 млн доллар жұмсаған

KAZAKBOL.COM

Билік Ташкент облысы Қыбрай ауданындағы «Жаңа Өзбекстан» саябағында тұрғызылған Тәуелсіздік монументіне қанша ақша жұмсалғанын айтпады.

Құрылысқа тапсырыс берген Ташкент қаласының әкімдігі монумент құны туралы ақпарат жариялаудан бас тартты. Әзірге монументті түрік компаниясы 63 күнде тұрғызғаны ғана мәлім.

Тәуелсіздік монументі орналасқан «Жаңа Өзбекстан» саябағын президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашқан.

Монумент авторларының пікірінше, ол өзбек халқының 3 мың жылдың тарихынан хабар береді.

60 метрлік монумент жобасын «Outdoor Factory – Acik Hava fabrikasi» түрік компаниясының дизайнері Синан Тураман сызған.

Өзбекстан үкіметіне жақындығы бар дереккөздің «Озодликқа» хабарлауынша, монумент құрылысына қазынадан шамамен 6 миллион доллар бөлінген. Бұған логистика шығыны кірмеген. Ал материалдардың барлығы Түркиядан жүк көліктерімен, ұшақпен әкелінген. Түрік шеберлері әзірлеген монумент бөлшектерін тасуға 85 жүк көлігі мен 16 ұшақ қажет болған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, Тәуелсіздік монументі бес жыл бұрын, Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында орнатылуы керек болған, бірақ президент Ислам Каримовтің өліміне байланысты жоспар жүзеге аспай қалған.

–​ Жоба Түркияда бес жылдай жатып қалды, өзбек жағы жұмыс ақысының 30 пайызын ғана төлемеген еді, — дейді дереккөз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM