Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жириновский: астанасы Алматы болатын Ресейдің Ортаазиялық федералды округы құрылу керек

KAZAKBOL.COM

Бұл жөнінде 1 қарашада Тәжікстанда сапармен жүрген Ресейдің Либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) лидері Владимир Жириновский мәлімдеді. Онымен бірге мемлекеттік думаның 20 депутаты барған.

Владимир Жириновский таяу уақытта ЛДПР думаға «Ресей аумағында Тәжікстан азаматтарының ерекше мәртебесі жөніндегі» заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Тәжікстанда жұмыс күші көп, ал Ресейде ақша көп, екі ел осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек.

«Біз Душанбеде болашақ еңбек мигранттарына арналған арнайы мектеп салуды шештік. Бұл мектепте тәжік жастары орыс тілін және арнайы мамандықты оқитын болады. Кейін кез келген жұмысқа орналаса алады», — деді Жириновский.

Ресей саясаткері әлі де Ресейдің Ортаазиялық федералды округы құрылу керек деп есептейді. Оның астанасы — Алматы болу керек дейді. Оған Орталық Азия елдері ерікті түрде қосылу керек деп есептейді. «Қытаймен, Еуропалық одақпен, Ресеймен көрші мемлекеттер үшін, олармен бәсекелесу үшін, мұндай құрылым құру маңызды», — дейді саясаткер.

Владимир Жириновский Мәскеуге оралған соң, Федералды қауіпсіздік қызметіне Тәжікстанның Ауғанстамен шекаралас аймағына 2-3 километр тереңдікте «өлі зона» салуға өтініш жасаймын дейді. «Осыдан кейін бірде-бір террорист, контрабандист шекараны бұза алмайды»,- деген сенімде саясаткер.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM