Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек полициясы Қазақстандағы қарақалпақтарды тергеп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Қарақалпақстандағы наразылықтан соң Алматыға келген өзбек полициясы қызметкерлерінің шұғыл тобы жергілікті белсенділермен бір ай бойы жұмыс істейді.

Бұл туралы тергеуде болған адамдардың бірі Настоящее Время телеарнасына хабарлады. Тергелгендердің айтуынша, өзбек күш құрылымдары Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасын наразылықты ұйымдастырған болуы мүмкін деп есептейді.

Телеарнаға сұхбат беруге келіскен азаматтық белсенді Аллаярдың Алматыда тұрып жатқанына біраз уақыт болды, бірақ ол отанымен байланысты үзбеген. 4 шілдеде оны Алматы полиция департаментіне тергеуге шақырту алды. Тергеу жүрген бөлмеде қарапайым киінген бірнеше адам болды, дейді тергелгендердің бірі.

«Олар Өзбекстан ішкі істер министрлігінің өкілдері екен. Оны әңгімесінен-ақ оңай байқауға болады. Олар менің саяси көзқарасымды білгісі келдей», — дейді белсенді.

Аллаярдың айтуынша, өзбек полициясының өкілдері одан белсенді әрекеттерін доғаруды талап еткен, әйтпесе оларды Өзбекстанға алып кетеміз деп қорқытқан.

Өзбекстан билігі Қарақалпақстандағы наразылықты шетелдіктер ұйымдастырған деп есептейді. Олардың дені Қазақстанда тұрады. Бұған сенуге болмайды, өйткені оппозициялық саясаткерлердің көбі Еуропада тұрады. Қазақстанда мұндай радикал көзқарастағы белсенді жоқ», — дейді Аллаяр.

Белсендінің айтуынша, Өзбекстан милициясының қызметкерлері Қазақстан билігінен карт-бланш алды: олар өз азаматтарын тергеп жүр, оларды отанына алып кетуі мүмкін.

Қарақалпақ белсенді азаматтар автономиядағы туыстары мен жақындарымен сөйлесе алмай отыр. Республикаға интернет әлі берілген жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM