Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Қырғызстанмен шекараға тұрғызылған дуалды бұзды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Қырғызстанмен шекараға тұрғызған дуалды сүрді. Бұл жөнінде Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасап қырғызстандық БАҚ хабарлады.

Осының алдында әлеуметтік желіде Өзбекстан 2010 жылы тұрғызған дуалды сүріп жатқан видео тараған. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, бұл Қырғызстанның Жалалабад пен Өзбекстанның Әндіжан облыстары арасындағы «Бекабад-Ханабад» шекара бекеті.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, «Бекабад-Ханабад» шекара өткізу бекетін қалпына келтіру мақсатында осыған дейін тұрғызылған дуалды сүрген. «Қырғыз тарабы аталған бекеттен азаматтарды өткізуге дайын»,- деп мәлімдеді Қырғызстан шекара қызметі.

Бұдан бөлек Қырғызстанның Ош облысы мен Өзбекстанның Әндіжан облысы арасындағы «Қарасу — Бағыш» шекара бекетін де қайтадан ашпақ.

Аталған екі шекара бекетін қалпына келтіру мәселесі екі ел арасында бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара қашықтығы 1314 шақырым. Былтыр қараша айында Қырғызстан мен Өзбекстан 30 жылға созылған шекараны анықтау мәселесінде нүкте қойылды деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM