Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Конституциясының жаңа жобасы Қарақалпақстанда сынға ұшырады

KAZAKBOL.COM

26 маусымда қоғам талқылауына ұсынылған «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қарақалпақстан тұрғындарының наразылығын туғызды.

Конституцияның жаңа нұсқасында Қарақалпақстан Республикасының «егемендігі» сөз тіркесі ен «республика халқының жалпыұлттық референдумда бөліну құқығы» сөйлемінің жойылуын жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде сынады.

26 маусымда “Қорақалпоғистонликлар конституцияси” («Қарақалпақстан Конституциясы») деп аталатын жаңа Telegram-арнаға бір күнде 100 мыңнан астам адам тіркелді. Арна жаппай наразылық акциясына шығуға үндеген. 27 маусымда таңертең Нүкіс тұрғындары қалада мобильді интернет шектелгенін жазды.

Қолданыстағы Өзбекстан Конституциясының 70-батында «Егеменді Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кіреді. Қарақалпақстан Республикасының егемендігін Өзбекстан Республикасы қорғайды» делінген.

26 маусымда халық талқылауына ұсынылған жаңа жобада бұл бап былай өзгерген: «Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кіреді. Қарақалпақстан Республикасының аумағында Өзбекстан Республикасының заңдары мен Конституциясында көрсетілген барлық құқықтары мен еркіндікке кепілдік беріледі».

Қарақалпақстандықтар осы баптағы «егемендік» сөзінің жоғалуына наразы.

Қолданыстағы Конституцияның 74-бабында былай делінген: «Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамынан Қарақалпақстан Республикасы халқының жалпыұлттық референдум арқылы шығу құқына ие».

Жаңа жобада республиканың референдам арқылы шығу құқығы туралы ештеңе айтылмаған. Қарақалпақстандықтар бұған да наразы.

РСФСР құрамына кірген Қарақалпақстан АССР 1936 жылы Өзбек ССР-не берілді. 1992 жылы Қарақалпақстан АССР Қарақалпақстан Республикасы болып өзгеріп, Өзбекстан Республикасы құрамына кірді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM