Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Мазари-Шарифтегі әуежайды қалпына келтіреді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандық арнайы мамандар «Мавлоно Джалолиддин Балхи» әуежайының қызметкерлерін оқыту үшін Ауғанстанның Балх провинциясына барды.

Бұл туралы Өзбекстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Балхта тәліптермен кездесу кезінде мәлімдеді.

Ол 30 техникалық қызметкер Мазари-Шарифке әуежайды қалпына келтіру үшін ұшып кеткенін мәлімдеді. Иргашев Өзбекстан Ауғанстанға әртүрлі салада инфрақұрылым жағынан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек әуежайдың 83 қызметкері оқу үшін Өзбекстанға келетіні айтылды.

Балх провинциясының губернаторы Кудратулла Абу Хамзаның сөзінше, өзбек делегациясымен темір жолды жөндеу және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Ол өлкеде банк жүйесі қалпына келгеннен кейін тәліптер қарыздан құтылатынын мәлімдеп, Ташкентті электр қуатын жеткізуді тоқтатпауға шақырды.

«Талибан» үкіметін әлемдегі бірде-бір мемлекет әлі ресми мойындамады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM