Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан мен Тәжікстан Самарқанд-Пенжикент темір жолын салуды көздейді (видео)

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан мен Тәжікстан Самарқандтан Пенжикентке дейін қатынайтын темір жол салуды жоспарлап жатыр. Бұдан бөлек екі елдің көлік мекемелері Бекабад — Канибадам — Кокон темір жол бағыты бойынша өтетін электр желілерін салу жөнінде келісімге келуді көздейді.

Тәжікстан мен Өзбекстан ешқандай шектеулері жоқ бірлескен темір жол кеңістігін құрғысы келеді.

Өзбекстан президенті жанындағы Стратегиялық және аймақтық зерттеу институтының директоры Акрамжон Нематовтың айтуынша, бұдан басқа да көптеген жоспарларды жүзеге асыру қарастырылған:

– Оның ішінде Самарқандтан Тәжікстанның Айни ауданына дейін темір жол салу талқыланып жатыр.

Душанбе мен Ташкент көлік жобаларын жүзеге асыру арқылы екі ел ортасында жүк тасу мен тауар айналымын көбейтеді деп есептейді. Тәжікстан мен Өзбекстан жылдық тауар айналымын 1 млрд долларға дейін көбейтуді жоспарлайды. 2020 жылы бұл көрсеткіш коронавирус пандемиясына байланысты 333 млн доллар болып, 2019 жылмен салыстырғанда 7,8 процентке төмендеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM