Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандағы БАҚ-тың табыс салығы 50 пайызға азаяды

KAZAKBOL.COM

Биыл 1 шілдеден бастап 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Өзбекстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының табыс салығы 50 пайызға азаяды.

Президент Шавкат Мирзияев 27 маусымда қол қойған жарлықта осылай делінген.

Бұған қоса, Өзбекстанда шығарылмайтын техника түрлеріне — баспахана құрал-жабдықтарына, соңғы үлгідегі фото және радиотелевизиялық техникаларға, сонымен бірге қағазға кеден салығы алынбайды.

Сонымен бірге, құжатта белсенді журналистерді тоқсан сайын сыйақымен марапаттап отыру жағы қарастырылады.

2023 жылдан бастап «Олтин калам» («Алтын қалам») ұлттық байқаудың бас жүлдесіне автокөлік тігіледі. Жүлделі орындардың сыйақысы көтеріледі.

27 маусымда Өзбекстан Баспа және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, президент Шавкат Мирзияев журналистердің бірқатарын мараттады.

Халықаралық ұйымдар Өзбекстанды сөз бостандығы шектелетін елдер қатарына жатқызады. Атап айтқанда, «Шекарасыз тілшілер» ұйымы Өзбекстанда Баспасөз еркіндігі индексінде 133-орынға қойды. Ұйымның мәлімдеуінше, өзбек билігі блогерлерді қорқытып, оларды түрмеге отырғызып жүр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM