Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда балалар өліміне әкелген «Док-1 Макс» шәрбатынан улы зат анықталған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда 18 бала қайтыс болған «Док-1 Макс» шәрбатынан этиленгликоль анықталған.

Оның 95 проценттік ерітіндісінің 1−2 мл пайдаланғанда адам ағзасына айтарлықтай зиян әкеледі.

Бұл жөнінде 27 желтоқсанда Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тексеру барысында «Док-1 Макс» шәрбатын ішкен 21 бала ауруханаға түсіп, оның 18-і қайтыс болған.

Қайтыс болған балалар аталған шәрбатты үй жағдайында 2−7 күн қатарынан, күніне 3−4 реттен ішкен. «Бұл доза әрине бала ағзасына зиян келтіреді», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл препарат дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсыз берілгені айтылады. Балалар өліміне байланысты жұмысына салғырт қарады деген айыппен жеті лауазымды шенеунік қызметінен босатылған. Тағы біраз жауапты қызметкерлерге ескерту жасалған. Құжаттардың бәрі құқық қорғау органдарына жіберілген.

Өзбекстан дәріханаларынан «Док-1 Макс» шәрбаты толық алынған.

«Док-1 Макс» дәрісі Үндістанда шығарылған, Өзбекстанда 2012 жылы тіркеуден өткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM