Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда мемлекеттік мекемелер мен банктерді Мирзияев реформаларын насихаттауға миллиардтаған сум аударуға міндеттеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда мемлекеттік миллиардтаған қаражаты биыл күзде екінші рет президент сайлауына түсетін Шавкат Мирзияевтің «реформаларын» мадақтауға жұмсалады.

Мирзиев үкіметінің басты насихатшысы атанған премьер-министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов насихат жұмыстарына қажетті қаражатты мәжбүрлеу арқылы жинап жүр.

Министрліктер, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық банктер Абдухакимовтің нұсқауымен Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық қауымдастығының есебіне миллиардтаған сум аударуы тиіс. Қаражат «жүзеге асып жатқан реформаларды» насихаттауға жұмсалады. Үкімет басшысы орынбасарының тапсырмасы туралы келісімдердің көшірмелері Озодлик редакциясына жолданды.

Осы қауымдастықтың төрағасы медиа-магнат Фирдавс Абдухаликов «Өзбеккино» ұлттық агенттігін басқарып қана қоймай, бірқатар жекеменшік телеарналар мен ақпараттық сайттарға иелік етеді.

Абдухаликов марқұм Ислам Каримов билігі кезінде оның үлкен қызы Гүлнара Каримованың іс-шараларын ұйымдастырумен айналысқан. Каримова ұсталғанда ол президент қызынан бірден ресми түрде бас тартып, аз уақытта Шавкат Мирзияев реформаларын насихаттаушыға айналып шыға келді.

Енді оның қауымдастығы «Жаңа Өзбекстан, Жаңа көзқарас» ұлттық медиа-бағдарламасын мемлекеттік мекемелерге мәжбүрлі түрде сату арқылы мемлекетт ақшасын меншіктеп жүр, деп мәлімдеді министрліктің бір шенеунігі.

– Биыл ақпанда премьер-министр Арипов төрағалығымен өткен жиналыста Абдухаликов Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын желеу етіп, Мирзияев реформаларын насихаттау туралы бастама көтерген. Ол насихат жұмыстарына қыруар қаражат сұраған. Оның бастамасы министрлер кеңсесінің хаттамасына «Қызметтік қолданыс» белгісімен енді, бірақ ешкім құр мақтанға қыруар ақша бөлуге келіспеген, – дейді үкіметтегі бір шенеунік.

Алайда хаттама орындалмағанын көрген Азиз Абдухакимов өткен айда министрлердің орынбасарларын, комитеттер мен мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшыларын жиналап алып, олармен жеке жиналыс өткізген, дейді ташкенттік шенеунік.

– Сол жиналыста Абдухакимов мемлекеттік мекемелердің, министрліктердің өкілдерінен ақшаны Абдухаликов қауымдастығының есебіне аударуын талап етті. Десе де ол бұны ешкімге айтпауын сұрады. Кейбір министрліктер бір миллиард сум, коммерциялық банктер екі миллиард сумнан, бірқатар мемлекеттік мекемелер бес миллиард сумнан аударады. Министрліктердің, мемлекеттік мекемелердің, банктердің өкілдері мұндай әрекеттен шошып отыр, – деді мемлекеттік мекеменің бір өкілі.

– Мемлекеттік миллиардтары Фирдавс Абдухаликовтің қауымдастығына түседі, ал қызметті жекеменшік телеарналар көрсетеді. Бұны жемқорлық схемасына жатқызуға болады, – деп есептейді министрліктердің бірінің баспасөз қызметінің өкілі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM