Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда вакцина салдырған студенттерге он пайыз жеңілдік береді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда ақылы бөлімде оқитын студенттер коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен салдырғаны үшін он пайыз жеңілдік алады.

Өзбекстанның жоғары және орта арнайы білім министрлігі осылай деп хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, жоғары оқу орындарында оқитын 18 жастан асқан студенттерге мемлекет бюджетінен тегін вакцина салынып жатыр.

Бұның алдында республикада коронавирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты үкімет компаниялар мен ұйымдарға қызметкерлеріне тез арада вакцина салуды тапсырған. Кейбір мекемелерге қытай-өзбек вакцинасын салу міндеті қойылған.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 30 шілдеде Қытайдан ZF-UZ-VAC2001 қытай-өзбек вакцинасының тағы 1 миллион дозасы келді.

Осы уақытқа дейін Өзбекстанға вакциналардың 6,5 миллион дозасы импортталды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM