Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанның электр және газ желілері қатты суыққа дайын болмай шықты

KAZAKBOL.COM

Ташкент облысының Чирчик қаласында жергілікті тұрғын энергетикалық компания қызметкеріне пышақ кезеп, жарықты қосуды талап еткен. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

16 қаңтарда Чирчик қаласының бірнеше тұрғыны жарықтың сөніп қалғанына наразы болып, электр желісі компаниясының реттеуші бекетіне барған.

«35 жастағы В. Н. есімді әйел мекеме қызметкеріне пышақ кезеп, жарықты қосуды талап етіп, болмаса өлтіретінін айтып қорқытқан», — деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Қазір Өзбекстанда күн қатты суытып, электр энергиясы жетіспеушілігі болып жатыр. Кейбір аймақтарда жарық сөніп жатыр. Жергілікті биліктің айтуынша, тұрғындар жылытқышты шектен тыс қосып, бұл станцияларға шамадан тыс күш салып, электр энергиясын тарататын желілердің істен шығуына себеп болған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев энергия ресурстарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша 16 қаңтарда жиналыс өткізіп, қыс маусымына дайын болмады деп Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаевты, энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаевты және «Жылу электр станциясы» компаниясының басшысы Фарход Абдурахмановты қызметінен алған.

Ташкентте қатты суықтан 584 махалланың 120-да газ бен жарық сөніп қалды. Қалада жеті трансформатор істен шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM