Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Теңіз кенішіндегі жұмысшылар ереуілі аяқталды

KAZAKBOL.COM

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде «Теңізшевройлға» (ТШО) мердігер «Сенімді құрылыс» компаниясының 200-ден астам жұмысшысының ереуілі кеше, 11 ақпан күні сағат 23.00-де аяқталды.

Бұл туралы жұмысшылардың бірі Азаттыққа хабарлады. Ереуіл аяқталғанын компания басшылары да растады. Бірақ жұмысшылардың талаптары орындалған-орындалмағаны белгісіз.

Компания жұмысшылары кеше 11 ақпан күні сағат 10.30-дан бастап, ереуілге шығып, жалақыны 20 пайыз өсіруді, инфляцияға байланысты 500 мың теңге көлемінде бірреттік төлем төлеуді және ауысымдық жұмыс мерзімін 28 күннен 14 күнге азайтуды, екі менеджерді жұмыстан шығаруды талап еткен.

Теңіз кенішінде ереуіл жасаған жұмысшылардың бірі 12 ақпанда Азаттыққа ереуіл аяқталғанын хабарлағанымен, басқа сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Азаттық тілшісі қалған жұмысшыларға хабарласа алмады.

«Сенімді құрылыс» компаниясының жалпы мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Жазира Әнесқызының Азаттыққа айтуынша, жұмысшылардың жалақысын қаңтар айынан бастап 8,4 пайыз көбейту туралы шешім бұған дейін де шығарылған. Оның сөзінше, жалақыны одан артық өсіруге компанияның шамасы жетпейді. Ал инфляцияға байланысты ақпан айының жалақысына қосып, наурыздың 10-ына дейін жұмысшыларға 300 мың теңгеден бірреттік төлем төленеді.

Оның түсіндіруінше, «бірреттік 500 мың теңге» «Теңізшевройлдың» шағын мердігерлері саналған мұнай-сервис компанияларының жұмысшыларына ғана қатысты. Есесіне олардың жалақысына 8,4 пайыз қосылмайды. Оның сөзіне қарағанда, «Сенімді құрылыс» жұмысшылары «500 мың теңге жайлы ақпаратты» жаңсақ түсініп қалған болуы мүмкін.

Қазір Теңіз кен орнында жергілікті атқарушы органдар мен компания басшыларынан құрылған арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Олар жұмысшыларға «түсіндіру жұмыстарын» жүргізіп жатыр деп айтылады.

Ақпаратқа қарағанда, «Сенімді құрылыс» компаниясы жұмысшылары 13 ақпаннан бастап жұмысқа шығады. Бір күн бұрын олардың жұмысы тоқтаған еді.

Сенбі күні компания жұмысшыларының бірі бірнеше полиция көлігі мен бір автобус Теңізге қарай жылжып келе жатқанын айтып, видеосын да жолдаған. Ізінше полиция мен арнайы жасақ ереуілшілерді бақылай бастаған.

«Сенімді құрылыс» басшыларының айтуынша, компания Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аясында үшінші буын зауыты құрылысына атсалысып жатыр. Жұмыстың 95 пайызы аяқталуға жақын. Компанияда қазір, қосалқы мердігер жұмысшыларын қосқанда, барлығы 8100 қызметкер жұмыс істейді. 4050-і вахтада жұмыс істеп жатыр. 11 ақпан күнгі ереуілге 280-ге жуық адам шыққан.

Теңіз кеніші Атыраудан 340 шақырым жерде. Оны игеретін «Теңізшевройл» Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді. «Теңізшевройл» мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық «ҚазМұнайГаз» (20%) және LUKArco (5%) компаниялары кіреді.

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бірі Теңізден шығады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM