Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«1 мамыр күнгі митинг қарсаңында» Ақтауда белсенді 20 тәулікке қамалды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның түрлі аймағында 1 мамырда митинг өткізу туралы өтініш беріліп жатқан кезде Ақтауда азаматтық белсенді Ұлбосын Тұрдиева 20 тәулікке қамалды. #БелсенділерЭкстремистЕмес телеграм-арнасының хабарлауынша, сот шешіміне келіспеген белсенді аштық жариялаған.

Азаттық тілшісі әзірге белсенді отырған уақытша қамау изоляторынан жауап ала алмады.

Сот оны «жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Sud.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, істі судья Аида Аташева қараған. Әзірге порталға сот шешімі жарияланған жоқ.

#БелсенділерЭкстремистЕмес телеграм-арнасының хабарлауынша, шамамен екі ай бұрын белсенді тікелей эфирге шығып, «Z» белгісі бар (Ресейдің Украинадағы соғысының белгісі) дүкен иесінің үстінен шағым түсірген. Өз кезегінде дүкен иесі де Тұрдиеваның үстінен шағым түсіріп, оны жала жапты деп айыптаған. Ізінше әкімшілік іс қозғалып, сол іс бойынша белсенді әкімшілік қамауға алынды. Телеграм-арнаның жазуынша, полиция Тұрдиеваның шағымын қараусыз қалдырған.

Ал дүкен иесі Нұрай Досмұхамедова Азаттыққа Aizere атты дүкенінің логотипі 16 жылдан бері тұрғанын, дүкен атауының «соғысқа еш қатысы жоғын» айтып, белсенді «мені қаралады» деді.

Қазақстан аймақтарында белсенділер 1 мамырда митинг өткізуге өтініш беріп жатқанда, Павлодарда сот белсенді Емберген Құрмановты бейбіт митинг ережесін бұзды деген айыппен 15 күнге қамаған. Бұған дейін бірқатар аймақта белсенділер жергілікті әкімдік бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермей жатқанын хабарлаған. Әкімдіктің ресми жауаптарында 1 мамырда «басқа шара өтетіні» жазылған.

Қазақстанда 2020 жылы «Бейбіт жиын туралы» жаңа заң қабылданғанымен, құқық қорғаушылар азаматтардың бейбіт жиын өткізу және жиналу құқығы әлі шектеліп отырғанын сынайды. Халықаралық және құқық қорғаушылар ресми Астананы азаматтардың бейбіт жиналу құқығын сақтауға үндеп келеді.

Қазақстан билігі елде азаматтарды саяси белсенділігі үшін қудалайтынын мойындамайды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM