Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«10 жыл бұрынғыға қарағанда тәуір». Freedom House Өзбекстанға «үмітпен қарайды»


Кеңсесі АҚШ-та орналасқан Freedom House адам құқықтарын қорғайтын ұйым Евразияда «антидемократиялық төңкеріс» болып жатқанын ескертті. Ұйым мәліметі бойынша, көптеген мемлекеттің лидерлері демократиялық институттарды бұзып, билікте ұзақ отыру үшін «авторитарлық басқаруды» дәріптеп жүр.

Ұйымның «Өтпелі кезеңдегі елдер, 2021 жыл» (Nations in Transit 2021) есебінде Еуроодақта Венгрия мен Польшада демократиялық ұстанымдар жиі бұзылатыны айтылған.

Freedom House мемлекеттерді жеті түрлі көрсеткішпен бағалаған. Оларға ұлттық басқару, сайлау жүйесі, азаматтық қоғам, тәуелсіз БАҚ, жергілікті өзін өзі басқару, сот жүйесінің тәуелсіздігі және жемқорлық.

Баяндамада Өзбекстан мен Солтүстік Македонияда «үміт оты тұтанды» делінген. Бұл елдерде 2020 жылы демократиялық даму жолына сай елеулі өзгерістер болған.

«Атап айтқанда, Өзбекстан ұйымның саяси бостандық және Интернет бостандығы рейтингінде 2019 жылмен салыстырғанда бір сатыға көтерілді, ал демократия рейтингінде екі саты жоғарылады», — делінген есепте.

Алайда, ұйым пікірінше, Өзбекстан авторитарлы мемлекет болып қала берді. «Өзбекстанда ауыл шаруашылығы мен сот жүйесіндегі реформалар азаматтардың өмірін жақсартады, бірақ олар демократиялық немесе шынайы саяси плюрализм құруға бағытталмаған», — деп есептейді Freedom House.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM