Сегіз жасар қазақстандық Сайора Шотпақова GEMS Education білім қорынан корольдік грантқа ие болған мектебіндегі жалғыз оқушы.
«Қазір Әбу-Дабиде тұратын Сайора Шотпақова GEMS Education білім қорынан корольдік грант иеленген мектебіндегі жалғыз қыз. БАӘ тұңғыш президентінің жұбайы Фатима бинт Мүбарак атындағы грант бір жыл тегін оқуға мүмкіндік береді», — деп жазады ВКонтактедегі «За тебя, Баке!» тобы.
![8 жасар қазақстандық БАӘ-де корольдік грантқа ие болды (фото)](https://i.onthe.io/pogudx2n7cmq2asm8.b4cfa454.jpg)
Білім грантын БАӘ мәдениет және білімді дамыту министрі шейх Нахайян ибн Мубарак Аль Нахайян табыс етті.
![8 жасар қазақстандық БАӘ-де корольдік грантқа ие болды (фото)](https://i.onthe.io/pogudx2137p258afdg.ab6d5f8e.jpg)