Атырауда «Атырау су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының қаланы сумен қамтамасыз етіп, кәріз жүйелеріне қызмет көрсететін екі қызметкері құдықта тұншығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болды. Екі қызметкер қала тұрғындарының бірінің өтініші бойынша, кәріз жүйесінде сантехникалық жұмыстарды жүргізген. Құдықта жиналып қалған газдың салдарынан қызметкерлер уланып қалып, облыстық ауруханаға жеткізілген.
«Олар жансақтау бөліміне оналастырылды. Алайда, олардың бірінің өмірін сақтау қалу мүмкін болмады. Ол сол уланғаннан есіне қайта келмеді», — деген түсініктеме берді «Атырау су арнасы» мекемесінің баспасөз қызметіндегілер қалыптасқан жағдай бойынша.
KAZAKBOL.COM