Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте 10 жастағы бала досын құтқарамын деп, суға батып кетті

KAZAKBOL.COM

Сыныптасын құтқарамын деп суға батып кеткен 10 жастағы Абдулла Рузибоевты сәрсенбі күні Ташкентте жер қойнына тапсырды. Қайғылы оқиға 21 қаңтарда Кара-Камыш сілемінен Алмазар ауданына қарай ағатын су каналында болған.

Абдулланың жансыз денесін ол суға батып кеткен жерден тапқан.

Сол күні ол сыныптасы Шохжахон Рузибоевпен бірге сабақтан үйіне қайтып келе жатқан. Досының каналға құлап кеткенін көріп, құтқару үшін, мұзды суға сүңгіп кеткен. Шохжахонды құтқарғанымен, өзі батып кеткен.

«Каналдың ағысы өте қатты. Абдулланың денесін екі күн өткеннен кейін барып тапты», – дейді көршісі.

​Абдулла Рузибоев Ташкенттегі Алмазар ауданының №134 мектебінде үздік оқыған.

Алмазар ауданының тұрғындары су каналының айналасы қоршалмағанын, кез келген адам үшін өте қауіпті екенін айтады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM