Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ: Коронавирустың қайдан шыққанын анықтауға Қытай кедергі болып отыр

KAZAKBOL.COM

«АҚШ барлау қызметінің COVID-19 вирусы қайдан шыққанын нақты айтуға мүмкіндігі жоқ» дейді Америка бұқаралық ақпарат құралдары.

Сейсенбі күні Ақ үйге тапсырылған АҚШ барлау қызметінің есебінде Қытай билігі қажетті ақпарат бермегендіктен коронавирустың қолдан жасалғаны, әлде табиғи жолмен пайда болғаны жөнінде мәселеге жауап табылмай отыр деп көрсетілген.

Негізгі болжамға қарағанда коронавирус Қытайдың Ухань қаласындағы базарда сатылатын жабайы хаюанаттардың етінен тараған.

Коронавирустың адамға жұққаны алғаш рет 2019 жылы желтоқсанда белгілі болған. Алайда Трамп әкімшілігі 2019 жылдың күзінде-ақ Ухань қаласындағы вирусология институтының қызметкерлері COVID-19 симптомына ұқсас белгілермен ауруханаға жатқызылғанын өз зерттеуі арқылы анықтаған.

Кейіннен Қытай билігі вирус себебін зерттемек болған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларына кедергі жасағаны белгілі болды.

Биыл бірнеше танымал ғалым ашық хат жазып, коронавирус табиғатта болды ма, әлде лабораторияда жасалды ма деген мәселеге жауап табуды талап еткен.

Америка барлау қызметінің баяндамасы президент Джо Байденнің жарлығымен жасалған. Wall Street Journal газетінің жазуынша, баяндамада вирустың қайдан пайда болғаны анықтау үшін Қытайдың ынтымақтастығы керек екені сөз болған. Газет «Егер Қытай белгілі бір ақпараттарды бермесе шындықты ешқашан біле алмаймыз» деген АҚШ президенті әкімшілігі қызметкерінің сөзін келтірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM