Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Тәжікстанға 115 мың дана Pfizer вакцинасын берді


Құрама Штаттар Тәжікстанға COVID-19 вирусына қарсы күресу үшін 115 мың дана Pfizer вакцинасын жіберді. Вакцина 20 қыркүйекте АҚШ-тың USAID агенттігі арқылы жеткізілді. Бұл жөнінде Тәжікстандағы АҚШ елшілігі мәлімдеді.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм Құрама Штаттар Тәжікстанға жалпы 2 млн 100 мың дана коронавирусқа қарсы вакцина жеткізгенін мәлімдеді. Биыл шілде айында COVAX бағдарламасы аясында 1,5 млн дана Moderna вакцинасы берілген. Бұл 750 мың адамға, яғни Тәжікстан халқының 13 процентіне ғана жетеді.

Тәжікстан ДДСҰ-ның COVAX бағдарламасы аясында Үндістаннан 192 мың дана AstraZeneca вакцинасын алған. Тәжікстан мұның 40 мың данасын Әзербайжанға берген. Маусым айында Қытайдан 300 мың дана CoronaVac вакцинасы жеткізілген. Ал Ресей тамыз айында 50 мың дана «Спутник V» вакцинасын жіберген. Бүгінге дейін Тәжікстан 4,8 млн дана вакцина алды.

Тәжікстан тамыз айынан бастап жасы 18-ден асқан тұрғындарды міндетті түрде вакцинациялау туралы жарлық шығарған. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жалпы 2 млн-нан астам адам вакцина алған.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 17 мың адамға COVID-19 вирусы жұғып, 124 адам қайтыс болған. Бірақ ресми емес мәлімет бойынша бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM