Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ-тағы сот «Ислам мемлекетін» қаржылай қолдаған қазақ және өзбек азаматтарын соттады

KAZAKBOL.COM

Нью-Йорктегі алқа билер соты Өзбекстан азаматы Дильхаёт Қасымовты «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қаржылай қолдау көрсетті деп танып, оны 30 жылға түрмеге отырғызды.

2015 жылы 6 сәуірде Бруклиндегі федералдық сот Қасымовқа айып таққан. Тергеу нұсқасы бойынша, Дильхаёт 2015 жылы тағы бір өзбекстандық Аброр Хабибовпен бірге 1600 доллар жинап, қазақстандық Ахрор Саидахметовке бермек болған. Сөтіп тағы бір танысы Абдурасул Журабаевпен бірге «Ислам мемлекетіне» қосылу үшін Таяу Шығысқа баруды көздеген.

Саидахмедов 2015 жылы 25 ақпанда Нью-Йорк әуежайында Түркияға ұшқалы жатқан кезде ұсталды. Сот құжаттары бойынша, Қасымов Саидахмедовке ақша бергенін, оның Сирияға бару жоспарын білетінін айтты.

2017 жылы желтоқсанда сот Бруклинде тұратын 22 жастағы Ахрор Саидахмедовті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қаржылай көмек беруге талпынғаны үшін 15 жылға соттады.

Нью-Йорк прокуратурасының мәліметі бойынша, қамау мерзімі аяқталған соң Саидахмедов АҚШ-тан шығарылады. 2017 жылы қазанда Саидахмедовпен бірге тағы бір өзбекстандық Абдурасул Журабаев 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM