Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Украинаға Patriot жүйелерін жеткізуді тездетеді

KAZAKBOL.COM

Украинаға Patriot әуеден қорғаныс жүйелері жоспарланғаннан ертерек жеткізіледі. Бұл туралы CNN телеканалы Пентагон өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 65 украин әскерінен тұратын топ АҚШ-тың Форт-Силл базасындағы жаттығуын жақын күндері аяқтайды. Содан кейін олар Еуропаға келіп, Украинаға жеткізетін Patriot жүйесінде қосымша жаттығулар өткізеді.

Украина жауынгерлері АҚШ-тың Форт-Силл базасында 15 қаңтардан бері жаттығып жатыр.

Инструкторлардың сөзінше, олардың әуеден қорғаныс жүйелерінде жұмыс істеу бойынша базалық білімі бар болғандықтан, жаттығу жақын күндері аяқталуы мүмкін.

АҚШ тарап Patriot әуеден қорғаныс жүйелерінде жаттығуға алғаш 10 апта уақыт бөлсе, украин әскерлері оны сегіз апта ішінде аяқтамақ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM