Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Украинаға тағы 2,6 млрд доллардың әскери көмегін береді

KAZAKBOL.COM

Құрама Штаттар 4 сәуірде Украинаға әскери көмектің жаңа топтамасын жариялады. Оның жалпы құны — 2,6 миллиард доллар.

Америкалық қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, көмек топтамасына HIMARS реактивті жүйесіне қажет жарақтар, сонымен бірге кәдімгі артиллерия оқтары кіреді.

Сонымен бірге әскери көмекке танкіге қарсы жүйе, атыс қарулары, ауыр құрылғыларды таситын көліктер және техникалық қызмет енген, деп хабарлады Associated Press. Агенттік Украина қарулы күштерінің елге басып кірген Ресей армиясына қарсы көктемгі шабуылға тыңғылықты дайындалып жатқанын жазды.

2,1 миллиард доллардың аууқымды көмегі Украина қауіпсіздігін қолдау бастамасы (USAI) аясында тапсырылады. Қалған 500 миллион — америкалық қордан алынатын техника мен қару-жарақ, яғни олар майданға ертерек жеткізіледі.

Ресей күштері 2022 жылғы ақпанда Украина аумағына басып кіргелі бері АҚШ-тың Киевке берген әскери көмегі 35 млрд доллардан асып кетті. Америкалық билік қанша қажет болса, сонша уақыт Украинаны қолдауға әзір екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM