Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды

KAZAKBOL.COM

Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7-ақпанынан бастап «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мақсаты — қала аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және сот орындаушыларымен бірлесіп мәжбүрлі түрде өндіру шараларын жүргізу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 7 күнінде 499 автокөлік тексеріліп, олардың айыппұл төлеу қажеттігі туралы ескерту хаттары ұсынылды.

Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге бейнебақылауда интегра жүйесі және «автоураган» арнайы көлігі арқылы жеке сот орындаушылардың атқару құжаттарымен шектеу қойылып, 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Сонымен қатар, 817 мың 650 теңге айыппұл өндірілді.

Миллионды қала – Шымкентте «Борышкер» іс-шарасы 17-ақпанға дейін жалғасады.

Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM