Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Шекарасыз тілшілер»: 2022 жылы әлемде 57 журналист опат болды

KAZAKBOL.COM

Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» ұйымының мәліметінше, 2022 жылы әлемде 57 журналист опат болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп.

14 желтоқсанда жарияланған есеп авторлары журналистер өлімінің көбеюін Украинадағы соғыспен байланыстырған. Украина әлемде ақпарат құралдарына ең қауіпті Мексикадан кейінгі екінші ел атанған. 2022 жылы Украинада кәсіби қызметін атқару кезінде сегіз журналист қаза болған.

Есепте Украина шығысында түсірілім жасап жатқан кезде опат болған украиналық фотограф Максим Левин мен француз видеорепортері Фредерик Леклерк-Имхоффтың аты аталады.

Есепке қарағанда, биыл кемінде 65 журналист жоғалған. Солардың бірі – Украинада із-түзсіз жоғалған УНИАН тілшісі Дмитрий Хилюк. Оны жұрт соңғы рет биыл 4 наурызда сол кезде Ресей әскерінің бақылауында болған Киев облысы Дымер ауылында көрген. Содан бері журналист із-түзсіз жоғалған.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымының мәліметінше, 1 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша әлемде 533 журналист ұсталған. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,4% көп. Ұсталғандардың 15 пайызы – әйелдер. Ұсталған журналистер саны жағынан Қытай, Мьянма, Иран, Вьетнам және Беларусь алдыңғы орында тұр. Ұсталғандардың жартысынан астамы осы елдерде тұтқындалған. Қытай түрмелерінде 110 журналист, Иранда ақпарат құралының 47 өкілі қамауда отыр. Кейбіріне билікке қарсы наразылықтан хабар таратқаны үшін өлім жазасы қаупі төнген.

Есепке сәйкес, Ресейде ақпарат құралдарының 18 өкілі қамауда отыр. Сегізі – Ресей аннексиялап алған Қырымда ұсталған украиналықтар.

Есепте мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған ресейлік журналист Иван Сафронов жөнінде айтылады.

Ұйым сарапшыларының айтуынша, соғыс басталғалы бері Ресейде журналистерге жұмыс істеу едәуір қиындаған. Елде қалған тәуелсіз БАҚ өкілдері қатаң цензура жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Қалт етсе, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Сарапшылар Қазақстандағы баспасөз еркіндігі ахуалын да күрделі деп бағалайды. «Әділ сөз» баспасөз қорғау қорының қыркүйек айындағы есебінше, Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығында «Алматы» телеарнасы түсірілім тобының жүргізушісі Мұратхан Базарбаев Қаңтардағы шабуыл кезінде қаза болған, журналист, блогер, редакцияға жасалған ондаған шабуыл тіркелген.

  • Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін 4 наурызда Владимир Путин Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру және олар туралы жалған ақпарат тарату туралы заңға қол қойған. Оған сәйкес, Украинадағы соғыс туралы ресми ақпараттан өзгешелеу пікір айтқан кез келген адам айыпталуы мүмкін. «ОВД-инфо» мәліметінше, 9 ай ішінде елде 4 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалып, шамамен 250 қылмыстық іс қозғалған.
  • Ресей 2022 жылы «Шекарасыз тілшілер» ұйымының жыл сайынғы рейтингісі бойынша 180 арасында 155-орынды иеленген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM