Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде жалған хабар таратқан интернет-террорист іздестіріліп жатыр


2 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы алты мектеп «жарылғаш зат қойылғаны» туралы тағы да хабар алған. Осыдан кейін бірінші ауысымның сабағы бір жарым сағатқа кеш басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы хабарлады.

Басқарма басшысы Жолдас Батырханның сөзінше, жарылғыш зат туралы хабарлама Ақтөбедегі №1, №2, №21, №22, №51, №56 мектептің электронды поштасына таңғы сағат жеті жарымда түскен.

— Жарылғыш зат туралы хабар бұл жолы да жалған болып шықты. Интернет-террорист әлі ұсталған жоқ. Ол ертең де хабарлама жолдайтын болса, оқу процесін үзбей, арнайы құрылымдардың нұсқаулығына сай әрекет етеміз, — деді Жолдас Батырхан.

Білім басқармасы арнайы құрылымдардың қандай нұсқау бергенін ашып айтпады. Бір белгілісі, қыркүйек айынан бастап Ақтөбедегі орта білім беретін мектептер лицензиясы бар күзет қызметінің бақылауына көшкен.

Кеше, 1 қыркүйек күні де Ақтөбедегі №2 мектептің электронды поштасына қаладағы алты мектепке (№1, №2, №21, №22, №51, №56 мектеп) жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Осыдан кейін хабарламада көрсетілген мектептерде алғашқы қоңырау салтанаты өтпей қалды. Кейін бұл хабарлама жалған болып шыққан.

Полиция кешелі бері интернет-террористі таба алмай жатыр. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM