Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ конгресі Ресей мұнайын импорттауға тыйым салатын заң жобасын әзірледі

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың бір топ заң шығарушысы Ресей және Беларусьпен «тұрақты және қалыпты сауда қатынастарын үзу туралы» заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді.

«Ресейден энергетикалық тауар импорттауға тыйым салатын және Ресей, Беларусьпен сауда қатынастарын тоқтататын заң жобасын ұсындық» деді олар мәлімдемесінде.

Конгрестегі Республикалық партия мен Демократиялық партия жетекшілері қолдаған заң жобасы таяу арада қаралады, мақұлданса АҚШ президенті Джо Байденге жіберіледі. Джо Байден бұған дейін АҚШ-та жанар-жағар май қымбаттап кетуі мүмкін деген қауіппен бұл жөнінде пікірін ашық айтпаған. АҚШ пайдаланатын мұнайдың 7 пайыздайын Ресейден импорттайды. Алайда жексенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ақ үйдің Ресей мұнайын импорттауға тыйым салу мүмкіндігін қарастыратынын айтқан.

Ресей және Беларусьпен «қалыпты сауда қатынасы» үзілсе, бұл екі елдің тауарларының импорт алымы 30 пайызға дейін өседі. Қазір ол 3 пайыз ғана. Ресейдің АҚШ-қа негізгі экспорты – мұнай, металл, платина мен тыңайтқыш.

АҚШ бұл шараны Ресейдің Украинаға басқыншылығына жауап шараның бірі деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM