Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Конгрессі әскери бюджетті мақұлдады. Онда Украинаға көмек қарастырылған

KAZAKBOL.COM

АҚШ сенаты өлкенің келесі жылға арналған әскери бюджетін қабылдап, қол қою үшін президент Джо Байденге жөнелтті.

Құжатта АҚШ-тың әскери қажеттері үшін 2022 жылға жұмсалатын шығындар 770 миллиард доллар деп бағаланған. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 5% көп.

Келер жылдың әскери бюджетінде Украина қарулы күштеріне көмек ретінде 300 миллион доллар бөлу қарастырылған. Бұдан бөлек 4 миллиард доллар Еуропаның қорғаныс саласын қолдауға және 150 миллион доллар Балтық елдерін қорғауға жұмсалатыны жазылған.

Құжатта «Солтүстік ағым-2» деп аталған орыс-герман газ құбырына санкция салу жөнінде қарастырылмаған. АҚШ билігінің бағалауынша, аталған газ құбыры жобасы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және өз аймағы арқылы Еуропаға газ өткізіп жатқан Украинаға зиян тигізеді.

Бірақ Байденнің әкімшілігі Германиямен қарым-қатынасты ауырлату мүмкін екенін айтып, газ құбыры жобасы бойынша санкция салуды заңда көрсетуге қарсы екенін айтып келген.

15 желтоқсанда республикашыл сентаорлар егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса, жоғарыдағы санкцияларды енгізу және Киевтің қауіпсіздігі үшін көмекті көбейту туралы қосымша заң жобасын енгізуді ұсынған.

Құжатта Украинаның қару-жарақ сатып алу және қорғаныс саласын реформалауға қаржы бөлу қарастырылған. Бұл үшін сенаторлар қосымша 450 миллион доллар бөлу ұсынылған.

АҚШ Украина қолдау үшін 2021 жылы 250 миллион доллар, 2020 жылы 200 миллион доллар бөлген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM