Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әблязов сырттай өмірлік түрме жазасына кесілді

KAZAKBOL.COM

Таразда Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты айыпталған Мұхтар Әблязовке сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл туралы 27 қарашада жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

22 қараша күні өткен сотта прокурор Ілияс Есқалиев Әблязовтің Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны «толық дәлелденгенін» айтып, оған өмірлік түрме жазасын кесуді сұраған еді. Әблязовтің мемлекет тағайындаған адвокаты Жанар Қисықова оның кінәлі екеніне дәлел жеткіліксіз екенін мәлімдеген.

Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде мұны сот «жазатайым оқиға» деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмади «Тәтішевті «ТұранӘлем» банкін иеленуді көздеген Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім» деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттаған.

Қазақстан бас прокуратурасы биыл 4 сәуірде Мұхтар Әблязовтің үстінен «банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Тергеушілер мәліметінше, Мұхтар Әблязов «бизнесмен Мұратхан Тоқмәди арқылы «ТұранӘлем» банкі иелерінің бірі Ержан Тәтішевтің көзін құртып, банк активін иеленбек болған». 2009 жылдан бері шетелде тұратын Әблязов бұған дейін әлеуметтік желілерде Тәтішевтің өліміне қатысын әлденеше рет жоққа шығарған.

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты барлық айыптаулардың саяси себебі бар деп санайды. Қазақстан соты Әблязовті «қылмыстық топ құрды» және «ақша жымқырды» деп, 2017 жылы сырттай 20 жылға соттаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM