Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ: Ресей Украинадағы соғыста 10 мыңнан аса әскериінен айырылды

KAZAKBOL.COM

АҚШ есебінше, Украинадағы соғыста Ресей 10 мыңнан аса әскериінен айырылған. Бұл туралы Настоящее время эфирінде АҚШ бас хатшысының орынбасары Виктория Нуланд мәлімдеді.

Бұл статистика – Ресей қорғаныс министрлігінің есебінен бірнеше есе көп. 25 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі 1351 әскериі қаза болғанын айтқан.

Телеарна жүргізушісінің «Ресей мен Украина жақын арада келісімге келуі мүмкін бе?» деген сауалына Нуланд «Украина мен оның одақтастары осыған қол жеткізуге тырысып жатыр», бірақ «Ресей Украина әскерінің қаншалықты мықты екенін әлі түсінген жоқ» деді.

Соғыс басталғалы Ресейдің әскери шығыны жайлы түрлі деректер шықты. Украина қарулы күштері Ресей 17 мыңнан аса әскериін жоғалтты (жараланғандар мен қаза тапқандар) деп мәлімдеді. 24 наурызда Time басылымы НАТО-ға сілтеме жасап, Ресей соғыста 7 мыңнан 15 мыңға дейін адамынан айырылды деп жазды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM