Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін жариялады

KAZAKBOL.COM

Құрама Штаттар Украинаға әскери көмек аясында 300 млн доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі стратегиялық коммуникация жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте хабарлады.

Жаңа пакетке орын ауыстыруға ыңғайлы Stinger зенитті зымыран кешендері, Avenger әуе қорғаныс жүйесі, AT-4 танкке қарсы жүйе, 30 миллионнан астам оқ, аумақты миниадан тазартатын құрылғы, дрондардың құрал-жабдықтары, нысананы дәл көздейтін авиация жарақтары, артиллерия мен танк снарядтары, Patriot әуе қорғаныс кешенінің және HIMARS реактивті кешенінің жабдықтары енді.

Құрама Штаттар Украинаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұрыс жүргізуге қажетті сұранысын орындау үшін өз одақтастары мен әріптестерімен жұмыс істеуді тоқтатпайды деп хабарлады Пентагон.

Бұның алдында Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Украинаға көмегі 37 млрд долларға жеткенін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM