Қазақстанда тепловозбен соқтығысқан Бішкек — Самара бағытындағы жолаушы пойызы әрі қарай жүріп кетті. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
5 наурызда таңертең Қазақстанның Ақтөбе облысында Бішкек — Самара бағытындағы жолаушы пойызы мен тепловоз соқтығысты. Апаттан ешкім зардап шекпеді. Оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия түзілген.
Ақпаратқа қарағанда, жолаушы тасыған пойызда 200-ден астам адам отырған. Олар Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің азаматтары болған.
KAZAKBOL.COM