Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбедегі жол апаты: Балаларға ота жасалған, жағдайлары бірқалыпты ауыр. Жүргізуші қамалды

KAZAKBOL.COM

Ақтөбеде тоғыз баланы волейболшылар жарысына апара жатып, жол апатына ұшыраған «Toyota Estima» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қамауға алынған. Бұл туралы Ақтөбе полициясы хабарлады.

Полиция «Көлік құралын пайдаланатын адамның көлікті пайдалану ережесін бұзу» (345-бап, 3-бөлік) бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жол апатына ұшыраған бес балаға сенбі күні Ақтөбедегі балалар ауруханасында ота жасалған. Бесеуі де жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары бірқалыпты ауыр. Ота жасалған балалардың төртеуі ауыр бас-ми жарақатын алған. Біреуінің қол-аяғы сынған. Апаттан аман қалған өзге үш бала хирургия бөлімінде деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

— Балаларды жарысқа алып келе жатқан жаттықтырушының жағдайы өте ауыр. Мойын омыртқасы, қолы сынған. Бас-ми жарақатын алған. Комада жатыр. Жасанды тыныс аппаратына қосылған, — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Жол апатынан қол-аяғы сынған баланың әкесі Еркебұлан Ізімовтің айтуынша, ұлы Мейіржан 3-4 жылдан бері волейбол ойнайды. Кейінгі екі жылда жүйелі түрде жарысқа барып жүр. Барғанда ылғи жарысқа такси жалдап барады, арнайы көлік бөлінбейді екен. «Бізді полиция бастап барады дегенді бірде бір рет естіген емеспін» дейді Еркебұлан Ізімов.

17 желтоқсан күні Ақтөбе облысында волейболшылар жарысына бара жатқан балалар отырған көлік жол апатына ұшыраған. Көліктегі 9 баланың біреуі оқиға орнында қаза болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының 68-шақырымында болған. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны «Toyota Estima» автокөлігімен волейболшы балаларды Шұбарқұдық кентінен облыс орталығы Ақтөбеге алып келе жатқан. Автокөлік тас жолдан таңертеңгі 9:30 шамасында аударылып кеткен. Полиция жол апатына не себеп болғанын тексеріп жатыр.

Кей мәліметтерге қарағанда, «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі де Темір ауданындағы спорт кешенінде жаттықтырушы болып істейді. Екі жаттықтырушы 2010 жылы туған волейболшы балаларды Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған жасөспірімдер кубогіне алып келе жатқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM