Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбенің Кеңқияқ, Жаңажол мұнай кеніштерінде жүзге жуық жүргізуші наразылық білдірді

KAZAKBOL.COM

1 қарашада Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ, Жаңажол мұнай кеніштеріне көлік қызметін көрсететін алты компанияның жүз шақты жүргізушісі наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қойған. Олар жалақының аздығына наразы.

Дүйсенбі күні жұмысқа шығудан бас тартқандардың бір тобы Кеңқияқ кенішіндегі «СНПС — АТК» компаниясының жанына жиналған.

СНПС — Ақтөбемұнайгаздың қосалқы мердігері «Western hope trade» компаниясына жеке көлігімді 2011 жылы жалға бердім. Сол жылы бензиннің литрі 93, ал газ 30 теңге еді. Қазір бензин 180, ал газдың литрі 80 теңгеден. Жеке көлігімді жалға беріп, оны жүргізгенім үшін (сегіз сағаттық жұмыс) айына 180 мың теңге жалақы аламын. Іссапар шығыны, ас-су, бензин, қосалқы бөлшек – бәрі осы 180 мыңның ішінде. Одан бөлек апта сайын ПТР тест тапсырамыз. Қолымда 30-40 мың теңге ғана қалады. Жалақым он жылдан бері өзгерген жоқ, -дейді наразылардың бірі Нұртас Кенжебаев.

Наразылық акциясына қатысушылар «Western hope trade», «АктобеТрансСервис АТС», «Pride Group Aktobe», «Актобе Транс Групп» серіктестіктері мен жеке кәсіпкер «Шевченко Е.Н.», «Табынмен» келісім жасасқан. Наразылардың жалақысы біркелкі емес. Өйткені олар келісімшарт жасасасқан компаниялар, жалға берген көліктердің маркасы әртүрлі.

Мысалы, «Табын» деп аталатын жеке кәсіпкерге НИВА көлігін жалға берген Ертай Айтжанов ай сайын 180-200 мың теңге алады.

-Бүгін Жаңажол мен Кеңқияқ кеніштерінде 120 адам жұмысқа шықпай қойды. Кеңқияқтағылар «СНПС-АТК» компаниясының жанына жиналып тұрмыз. Қазір бұл жерде алпыс шақты адам бар. Бәріміздің талабымыз бір. Жалақыны көбейтсін! -дейді Ертай Айтжанов.

«СНПС-АТК» компаниясының Кеңқияқтағы өкілі Алтынбек Шегембай наразылармен кездескен. Азаттыққа телефонмен берген сұқбатында Алтынбек Шегембай наразылармен «СНПС-АТК» тікелей келісімшарт жасаспағанын, сондықтан олардың компания кеңсесіне келуі орынсыз екенін айтты.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, бүгін Кеңқияқ пен Жаңажол кеніштеріне облыс орталығынан арнайы комиссия аттанған. Инспекция басшысының орынбасары Талғат Есқарин екі кеніштегі наразылардың саны 120 емес, 80 адам екенін айтады. Еңбек инспекциясының мәліметінше, «түсіндіру жұмыстарынан кейін» 15 адам жұмыс орнына оралып, 65 жүргізуші әлі де наразылықтарын жалғастырып тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM