Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік әуе компаниясы Ресейге ұшақ билетін 23 пайызға көтерген

KAZAKBOL.COM

Тәжік әуе компаниялары Ресейге әуе билеттерін 23 пайызға көтерді деп хабарлайды Тәжікстанның президент жанындағы статистика агенттігі. Қымбат әуе билеттері тәжікстандықтарды өзбек және қырғыздың әуе компаниялары арқылы ұшуға мәжбүрлейді делінген.

Жолаушылардың айтуынша, Душанбе-Мәскеу рейсіне билет құны осыған дейін 1300 сомони ($140) болса, қазір — 1700 сомони ($185). Бұл — Орталық Азия бойынша Ресейге қатынайтын рейстерге ең қымбат баға. Мәселен Бішкектен Мәскеуге ұшу 3500 рубль ($55) тұрады.

Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігі Ресейге әуе билеттерінің бірден қымбаттап кеткенін растады. Мекеме өкілі Азиз Набизода билеттің қымбаттығынан тәжік әуе компаниялары тұрақты жолаушыларын жоғалтып жатыр дейді.

​»Мәселен Зеравшан жазығының тұрғындары Самарқанд арқылы ұшады. Ал Исфара және Канибадам жолаушылары Ош және Бішкек арқылы ұшқанды жөн санайды. Худжанд, Матчо және Ашт тұрғындары Ташкент арқылы ұшып жатады», — дейді Набизода.

Тәжікстанда әзірге TajikAir және SomonAir деп аталатын екі әуе компаниясы бар. Душанбе әуежайынан биыл 1 млн жолаушы ұшқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM