Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ағайынды мұсылман жігіттер әйелдерімен WhatsApp арқылы ажырасып кетті (фото)

KAZAKBOL.COM

Ажырасқан әйелдер. Фото: WORLD PAPARAZZI

АҚШ-та тұратын ағайынды мұсылман әйелдеріне WhatsApp арқылы үш рет талақ айтып ажырасты. Әлем мұсылмандары ағайындылардың бұл әрекетін сынға алуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы jihadwatch.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хайдарабадтағы екі мұсылман әйел АҚШ-тағы күйеулерімен WhatsApp арқылы ажырасты. АҚШ-та тұратын Хусаини әйеліне WhatsApp мессенджерімен үш рет талақ айтып қоя берген. Бұған разы болмаған әйелдері полицияға жүгінеді. Осылайша мобильді чат арқылы айырылысуды жөн санаған мұсылман ағайынды әлемдік мұсылман қауымының сынына ұшырады.

Айта кетерлігі, бірнеше апта бұрын күйеуі Сайед Файязуддин Хуссейннен ажырасу туралы хабарлама алған Хена Фатима онымен 2013 жылы некесін қиған болатын. Төрт жылдан кейін күйеуі талақ айтылған хабарлама жіберіп, көп ұзамай ажырасу туралы құжаттарды да жолдаған.

Сайедтің бауыры Мохаммад Абдул да әйелі Мехринге WhatsApp арқылы талақ айтқан. Күйеусіз қалған Мехрин мен Хена балаларын аяқтан тұрғызуда бұрынғы күйеулерінің көмек көрсетуін талап етуде. Олар күйеулерін қасиетті некені ойыншыққа айналдырды деп айыптап отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM