Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың Юта штатында болған оқиға көпшілікті елең еткізбей қоймайтыны рас. Мұнда жергілікті дәрігер Мартин Макнейл 20 жыл отасып, 8 бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастады.

Мартин әйелі Мишельмен. Фотолар әлеуметтік желіден алынды

Үлкен махаббатпен үйленіп, сегіз бала сүйген жарын ол қауіпті екпе салу арқылы өлтіріп, кейін ваннада қалдырып кеткен. Мишельдің өліміне себеп ретінде бетіне жасалған отаның кері әсері көрсетілген.

Кейін анықталғандай, күйеуі аталған операцияны жасауды қайта-қайта талап еткен соң, әйелі Мишель амалсыздан көнген. Ол осы тақырыптағы ұрыс-керіске нүкте қою үшін осындай қадамға барыпты. Алайда, ол өз өмірін тәуекелге тіккенін әсте білмейтін.

Алайда, отаға қатысты әрекеттер ешқандай күдік туғызбаған. Тек әйелінің қазасынан соң Мартин балаларына жаңа күтуші жалдап, сүйген жарын мүлде жоқтамаған. Ал 20 жыл отасқан жарын оп-оңай ұмыта салуы Мартиннің үлкен қыздарының күдігін туғызады.

Арада көп уақыт өтпей ол бала күтушіге қымбат неке жүзігін сыйлап, онымен жақын қатынаста екенін айтқан. Осыдан соң Мишельдің өліміне қатысты тергеу қайта басталып, оны 20 жыл отасқан күйеуінің өлтіргені 5 жылдан кейін анықталады.

Бала күтуші әйел

Сот дәрігер Мартин Макнейлді 17 жылға соттады.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM