АҚШ. Фото: Sputnik / Павел Быков
«Біз жапон азаматтарының Қазақстанға, қазақстандықтардың Жапонияға визасыз қатынауы туралы келісімге қол жеткіздік. Жыл соңында АҚШ-пен виза мерзімін он жылға ұзарту туралы келісім жасастық. Бұдан бұрын виза 5 жылға берілетін. Қазіргі уақытта америкалық және қазақстандық визалардың ең маңызды санаттар бойынша, яғни туристік және дипломатиялық түрлері осындай ұзақ мерзімге беріледі. Әлбетте, бұл екі елдің азаматтары үшін өте қолайлы болмақ», — деп хабарлады Ыдырысов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз келе алады, ал 2017 жылы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 45-ке жетеді. Бұл мемлекеттердің арасында ОЭСР мүше елдері, БАЭ, Малайзия, Сингапур және Монако княздығы бар. Бұл елдің азаматтары Қазақстанды 30 күн визасыз аралай алады.
KAZAKBOL.COM