АҚШ ішкі істер департаменті, Әділет министрлігі, Федералдық тергеу бюросы және Ұлттық барлау директорының кеңсесі 6 қарашада Конгресс аралық сайлау қарсаңында бірлескен мәлімдеме таратты.
АҚШ сайлауларға сырттан — Ресейдің, Қытайдың, Иранның немесе басқа бір мемлекеттің араласуына төзе алмайды, делінген мәлімдемеде.
Қазіргі таңда америкалық арнайы қызмет сайлау инфрақұрылымдарын бұзуға талпынғаны туралы ешқандай мәлімет бере алмайды. Бірақ америкалықтар әсіресе Ресейдің қоғамдық ой-пікірге ықпал етуге талпынуы мүмкін екенін ескеру тиіс.
АҚШ америкалық сайлауларға араласқан құрылмдар мен шетел азаматтарына санкция енгізуді көздеп отыр. Қазір Вашингтон Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласқан-араласпағанын зерттеп жатыр. Шілде айында арнайы прокурор Роберт Мюллер Ресейдің 12 азаматын айыптап, олар АҚШ Демократиялық партиясының серверін бұзған, басқа да кибершабуылдар жасаған деп хабарлады.
Сейсенбі күні АҚШ-та Конгреске аралық сайлау өтеді, соның негізінде Республикалық партия Өкілдер палатадағы көп орынды сақтап қалу-қалмауы белгілі болады. Азаматтар Өкілдер палатасының 435 мүшесін, 35 сенаторды, сонымен бірге штаттардың алты мыңнан астам заң жиналыстарын сайлауды.
KAZAKBOL.COM