Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

АҚШ өкілдер палатасы Кремль мен Путинге қарсы заңды мақұлдады

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың өкілдер палатасы сейсенбі күні Кремльдің агрессивті саясатына қарсы бағытталған, Ресей президенті Владимир Путиннің қызметімен байланысты жемқорлық істерді тергеуді талап ететін заң жобасын мақұлдады.

KREMLIN Act деген атқа ие болған заң жобаларының бірі Ресейдің килігуін және оның барлау желілерін шектеуге бағытталған. Құжат АҚШ ұлттық барлау басшысы Дэн Коутсты 90 күннің ішінде «Ресей басшылығының саяси көздегені» туралы есеп дайындауға міндеттейді.

Оның алдында ғана қабылданған «Владимир Путинге қатысты ашықтық туралы» заң жобасы америкалық барлаудан Ресей президентінің мүлкі мен табыстары туралы мәліметтерді беруді талап етеді. Құжат авторларының бірі, республикашыл Элис Стефаниктің мәлімдеуінше, Владимир Путин мен оның жемқор одақтастары әлемдегі демократияны әлсіретіп, этикаға жат әдістермен саяси бақылауын күшейтуді көздейді. Олар жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді Стефаник.

Құжат күшіне енген 180 күннің ішінде АҚШ ұлттық барлау директоры, мемлекеттік хатшы және қаржы министрімен бірге, Ресей президентінің жеке байлығы туралы баяндама жасауы міндетті.

Кремль заң жобаларын «русофобиялық тырбаң» деп атап, оған мән бермейтінін мәлімдеген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «мұндай бастамадан Путин тіпті хабарсыз» деген.

2017 жылы шілдеде Hermitage Capital қорының басшысы Уильям Браудер АҚШ Сенатының комитет тыңдауында Ресей президенті Владимир Путинді әлемдегі ең бай адам деп атады. Браудар Путиннің байлығын 200 миллиард долларға бағалаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM