Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

АҚШ Сириядан әскерін шығара бастады

KAZAKBOL.COM

Құрама Штаттар Сириядан әскерін шығара бастағанын ресми мәлімдеді. Бұл жөнінде Ақ үй өкілі Сара Сандерс мәлімдеді.

Reuters агенттігінің жазуынша, Сириядағы АҚШ мемлекеттік департамент өкілдерін бір тәуліктің ішінде алып шығады. Агенттік мәліметінше, Вашингтон 60-100 күн аралығында әскерін толық шығарады. Аймақта екі мыңнан астам америкалық сарбаз бар.

Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін, «АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын» жазған.

Bloomberg басылымы да Вашингтондағы ресми дереккөзге сүйеніп, Сириядан әскерді шығару жөнінде жарлыққа қол қойылғанын жазады.

Соңғы уақытқа дейін АҚШ Сириядағы ИМ-мен және өзге де террористік ұйымдармен соғысқан күрд бөлімшесіне көмек көрсетіп келген.

«Ислам мемлекеті» 2013 жылы Сирия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап ИМ құлдырай бастады. Қазақстанда террористік ұйым деп танылған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, 800-ге жуық қазақстандық Сирияға кетіп, «Ислам мемлекеті» тобының сапында соғысқан.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM