Ақтөбе облысы Əйтеке би ауданына қарасты Милы ауылында 7 жасар бала жоғалып кетті.
27 сəуір күні сағат 8:50 де үйінен шыққан баланы тұрғындар бір тəулік бойы іздеген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Ол бала менің туған әпкемнің баласы. Сағат 9-ға 10 минут қалғанда сабаққа кеткен. Баланы жолдың арғы бетінен өтіп, сабаққа келе жатқанын мектептегілер көрген. Кеше ауылдың түкпір-түкпірін іздегенде оны таппаған едік», — дейді Милы ауылының əкімі Рахила Сейітова.
Бір тəулік бойы туыстары мен полиция қызметкерлері ауылдан таппаған баланың денесі бүгін түсте ауыл əкімінің ауласынан табылған.
«Жаңа сағат 13:00 кезінде баланың денесі біздің үйдің қорасынан табылды. Ақылға сыймайтын нəрсе болып тұр», — дейді əкім.
Күдіктілердің қатарына іліккен ауыл əкімі тергеуден еш хабары жоқ екенін айтады.
«Мені тергеуге қатыстырып жатқан жоқ. Бір адамнан күдіктенемін. Бала жолдан өткенде ауылдың машинасы да сол жерде жүрген. Мүмкін, қағып кеткен шығар, қате аяқ астынан. Бірақ, ол адам мойындамай отыр»,- дейді ауыл әкімі Рахила Сейітова