Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбе облысының тұрғыны жетім баланы ақшамен алдап, құлдықта ұстаған

KAZAKBOL.COM

Жасұлан Сәндібеков. Фото: 31 арна

Ақтөбеде ақшаға алданып, жұмысқа жегілген жетім балаға үш айы бойы Қобда ауданының тұрғыны қорлық көрсетіп, мал бақтырған деп хабарлайды 31 арна.

Жасұлан Сәндібеков осыдан екі жыл бұрын Ақтөбедегі «Жайсан» жетімдер үйінен шыққан. Содан бері  жалданып жұмыс жасап, әркімнің табалдырығында жүрген ол соңғы қожайыны еркінен тыс ұстап, нағыз құлға айналдырғанын айтады.

Сөзінше, ақша төлеймін деп Қобда ауданына алдап алып кеткен азамат оны барғаннан кейін күндіз-түні малдың соңына салып қойған.

«Ал, қашып кететін болсаң өлтіремін» деп қорқытыпты. Азаппен өмір сүрген жеткіншек Қобда ауданынан Ақтөбеге жаяулатып қашқан. Қазір құлдықтан босаған ол облыстық аурухананың гаражын паналап жүр.

Жол бойынан тауып алған аурухана жүргізушісі оны әзірге гараждың бір бөлмесіне орналастырыпты. Қаржау Бедеров Жасұланды өз үйіне тіркеуге отырғызған және оған қазір жан-жақтан жұмыс іздеп жатқан көрінеді.

Ал ата-анасының қамқорлығын сезіне алмаған осындай балаларды бақылайтын арнайы мекеме жетімдер үйі түлектерінің қал-жағдайын жиі біліп тұрамыз деп ақталғандарымен, Жасұланның оқиғасынан хабарсыз болып шықты.

Айтуларынша, егер құлдыққа қатысты ақпарат расталатын болса, құқық қорғау органдарына дейін көтеріп жағдайды анықтайтын болады.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM