Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде көз жұмған лаңкестердің барлығы «Хор қыздары» тобына тіркелген

KAZAKBOL.COM
Омаров Рүстем мен Рахметов Асхат

Ақтөбелік лаңкестердің «ВКонтакте» желісіндегі парақшалары анықтылып, олардың біразы о дүниеде хор қыздарын уәде ететін топта тұрғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда лаңкестердің бірі — Омаров Рүстем — діни мазмұндағы жазбаларды көптеп қалдырған.

Рүстем Омаров — қазір лаңкестікке қатысы бар деп айыпталып, іздеу жарияланған лаңкесшілердің бірі.

«Азаттық» сайтына берген сұхбатында Рүстем Омаровтың көршілері оның егде жастағы ата-анасы ауруханаға түскенін хабарлады.

30 жастағы Айдос Жұбанов діни мазмұндағы фото, бейне, аудиоматериалдарды көптеп орналастырған. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген материалдарға қарап, оның радикалды діни көзқарасты ұстанғаны туралы қорытынды жасауға болмайды.

Іздеу салынған басқа азамат, Асхат Рахметов те осы сарындағы материалдарды жүктеген. Тіпті тура жолды ұстанғандарды жұмақта күтіп тұратын сый туралы суреттерді көптеп салған.

Діндегі адамдардың дені жиһадта қаза тапқандарды жұмақта хор қыздары күтіп тұрады дегенге сенеді.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Фейсбук әлеуметтік желісінде өз парақшасында өлтірілген лаңкестердің парақшаларын қарап шыққанын жазады.

Фото: serg-slavorum.livejournal.com

«Мен тым рационалды ойлайтын адам шығармын, бірақ та қайтыс болғаннан кейін жұмақта 70 хор қызы күтіп тұрады дегенге онша сенбеймін. Жап-жас жігіттер, көбі отызға толмаған. Олар осы өмірде-ақ хор қыздарының түр-түрін көре алатын еді ғой», — дейді ол.

Саясаттанушы сондай-ақ елімізде соңғы уақытта болып жатқан оқиғаларды бағалай отырып, «мұның барлығы түрлі жағдайлар, бәрін бір адамға кеп тіреп қою мүмкін емес. Не де болса америкалықтардың алдында ыңғайсыз болды…(Қазақстандық кейбір БАҚ-тың жер митингілеріне қатысты «бесінші колоннаны» қаржыландырып отырған батыс елдері мен АҚШ деген айыптаулары мен АҚШ елшілігі алдындағы наразылық шарасын айтқан болуы керек — ред.)», — дейді.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM