Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде өртенген автобус иесі үш жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты Ақтөбе облысында өткен жылы қаңтарда өртенген жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиевті үш жылға соттады.

Бұл туралы 13 тамызда облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылы қыста болған өрттен автобус салонында отырған 52 өзбек азаматы мерт болған еді.

Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш соты жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырған. Сот Ташкент тұрғыны, Қазақстан азаматы 46 жастағы Мехтиевті Қылмыстық кодекінің «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» бабы бойынша кінәлі деп, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленген. Үкім күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар. Бұл іс бойынша сот 24 сәуірде басталған еді.

Сотта Мехтиев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын айтқан.

Ордухан Мехтиев 2018 жылы 20 қарашада Ташкенттің Сергелі ауданында ұсталып, 26 желтоқсанда Қазақстанға экстрадицияланған.

2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент — Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қаза болған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматы. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​

Кейін Ақтөбеде қылмыстық іс қозғалып, бес адам қамалған. Аман қалған үш жүргізуші биыл қараша айында бес жылға, автобусты жалға алған «Азия транзит сервис» компаниясының құрылтайшысы мен автобус механигі үш жарым жылға сотталған. Айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM